Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді. Әлемнің Иесі біразымызды тірі қалдырмағанда, біз де ежелгі Содом мен Ғомора қалаларының кебін киіп, толықтай жойылып кеткен болар едік. Содан соң түнгі түсімде төртінші айуанды да көрдім. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темір тістері болды. Айуан алдына келгеннің бәрін жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрді. Ол бұған дейінгі барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйізі де бар еді. Мен қарап тұрғанда осы мүйіз Құдайға бағышталған адамдарға қарсы соғыс бастап, оларды жеңіп отырды. Тәңір Иеге осындай сенім артқандары үшін ата-бабаларымыз Оның ризашылығына ие болды. Оның рухани Ұлына сенген кісінің жүрегінде Құдайдың куәлігі жүреді. Ал Құдайға сенбеген кісі Оны өтірікші етіп көрсетеді, себебі ол Құдайдың Өзінің рухани Ұлы туралы берген куәлігіне сенбейді. Ал Жохан көргендерінің бәрін: Құдайдың хабарын және Иса Мәсіхтің аян еткендерін баяндап берді. Мен, Жохан, сендердің бауырластарыңмын және Иса Мәсіхке бола азап шегіп, Оның Патшалығына қызмет етіп, қайта оралуын төзімділікпен күтудегі серіктестеріңмін. Құдайдың сөзін және Иса Мәсіхтің шынайы хабарын уағыздағаным үшін Патмос аралында тұрдым.
Выбор основного перевода