Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мынаны еске алыңдар: егер үй иесі ұрының қай сағатта түсетінін білетін болса, онда ол үйін күзетіп, ұрының бұзып кіруіне жол бермес еді. Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін! Сонда Петір Исадан:— Мырза, бұл мысалды бізге ғана айтып тұрсыз ба, әлде жұрттың бәріне де ме? — деп сұрады. Иеміз оған былай деп жауап берді:— Адал да саналы үй басқарушысындай болыңдар! Қожайыны оны өзінің малайларының үстерінен қарап, ас-суларын уақытында үлестіріп беруге тағайындады. Қожайыны қайтып келгенде оның солай істеп жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты! Сендерге шындығын айтайын: қожайыны оны бүкіл меншігін қараушы етіп тағайындамақ. Ал егер әлгі қызметші іштей «қожайыным жуырда келе қоймас» деп, малайлар мен күңдерді ұрып-соқса әрі ішіп-жеп, маскүнемдікке салынса, онда қожайыны күтпеген күні, ойламаған сәтте келіп, оны аяусыз жазалап, сенімсіздердің кебінін кигізеді. Иеміздің қайта оралатын күні ұрының түнде түсетініндей кенеттен келетінін өздерің анық білесіңдер. басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік! Забурда мынадай сөздер жазылған ғой: Өмірді ұнатып, жақсы күндерді көруді қалағандар ауыздарынан жаман сөз шығармасын, өтірік айтудан да әрқашан сақтансын!
Выбор основного перевода