Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар. Енді: «Олар хабарды естіген жоқ па?» деп сұрағым келіп тұр. Әрине, естіген. «Үндері жайылады бар жер бетіне, сөздері таралады жердің шетіне» деп (Забурда) жазылған ғой. Осы хабар дүние жүзінде кеңінен жайылғандай, сендерге де жетті. Ол барлық жерде адамдарды жақсылық жасауға жетелеп, көптеген кісілер оны қабылдауда. Сендер Ізгі хабар туралы естіп, Құдайдың рақымын шынымен таныған күннен бастап, осылай рухани өсіп-өніп келесіңдер. Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады. Осы Ізгі хабар аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланып келеді. Мен — Пауыл да оның таратушысына айналдым.
Выбор основного перевода