Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады. Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады. «Уа, исраилдік ер азаматтар, келіп, көмектесіңдер! Мына кісі барлық жерде біздің халыққа, Таурат заңымызға және осы жерге қайшы ілімін таратып жүр. Оның үстіне өзге ұлт адамдарын ғибадатханаға кіргізіп, киелі жерді арамдады! Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз.
Выбор основного перевода