Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі көп адамдар Менің атымды жамылып келіп: «Құтқарушы Мәсіх Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады. Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. Кісілер сендерге: «Міне, Ол мұнда!», я «Әне, Ол анда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар да, арттарынан ермеңдер де! Исаның жауабы мынау болды:— Сендер алданып, теріс жолға түсіп кетуден сақтаныңдар! Себебі көптеген адамдар Менің атымды жамылып келіп: «(Құтқарушы Мәсіх) Менмін!» және «Ақырзаман жақындап қалды!» дейтін болады. Ондайлардың соңынан ермеңдер!
Выбор основного перевода