Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аспандағы жұлдыздар мен шоқжұлдыздар жарқылдауын доғарады. Күн шықса да, оны қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. Аспандағы күн, ай және жұлдыздар еріп кетеді. Аспан шиыршық кітаптай шиырылады, әрі жұлдыздар жүзім бұтағынан не інжір ағашынан түскен құрғақ жапырақтай жерге құлап түспек. Сені жоқ қылғаннан кейін Мен аспанды жауып тастаймын. Ондағы жұлдыздарды түнертіп, күнді де бұлтпен жауып қоямын. Ай да сәуле шашуын доғарады. Олардың алдында жер сілкініп, аспан шайқалады, күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады.
Выбор основного перевода