Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды. Мынау Нұхтың шежіресі:Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді. Нұхтың Шам, Хам және Япші деген үш ұлы болды. Құдайдың көз алдында жер беті бүлінген үстіне бүліне беріп, зұлымдыққа толды. Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді. Себебі найзағайдың шығыстан басталып, батысқа дейін жарқырайтыны сияқты, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де (аяқ астынан және ап-айқын) болады. Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша, олар ештеңені ұқпады. Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде де осылай болады! Барлығы өз кезегімен: алғашқысы ретінде Мәсіх тірілді. Ал кейін, Ол қайтып келгенде, Оның қарамағындағы адамдар да тіріледі. Өйткені Иеміз Иса Мәсіх қайтып келген кезде біздің үмітіміз, қуанышымыз, басымызға киер «мақтау тәжіміз» сендер болмағанда, кім болмақ? Бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің қайтып келуі мен біздің Оның қасына жиналуымызға байланысты сендерден мынаны өтінеміз: Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Алайда оны Иеміз Иса қайтып келіп, бәріне салтанатты түрде көрінгенде, аузынан шыққан леппен-ақ мүлдем жояды.
Выбор основного перевода