Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлейменнің зор даңқы және оның Жаратқан Иенің құрметіне салған киелі үйі туралы Сәба елінің патшайымы да естіген еді. Содан ол қиын сауалдар қойып Сүлейменнің даналығын сынамақшы болды. Патшайым көп нөкерін ертіп сапарға шығып, үлкен керуенмен Иерусалимге келді. Түйелеріне хош иісті заттар, мол алтын мен асыл тастар артылған болатын. Сүлеймен қонақты қарсы алып, сарайына кіргізді. Патшайым ойындағы бар мәселелер жайлы онымен сөйлесті. Сүлеймен солардың бәріне жауап берді. Патша білмей, түсіндіре алмаған бірде-бір сауал болған жоқ. Сәбаның патшайымы Сүлейменнің асқан даналығын және салғызған сарайын көріп, қайран қалды. Ол патшаның дастарқанындағы тамақтарын, уәзірлерінің мәжілістерін, сәнді киінген нөкерлері мен шарапшыларының келісті қызметтерін әрі Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп барып, құрбандықтар шалғызып өртеткенін де бақылады. Патшайымның таңғалғаны сонша, демін ала алмай үнсіз қалды. Содан ол патшаға тіл қатып былай деді: «Сіздің іс-әрекеттеріңіз бен даналығыңыз туралы елімде жүріп естігендерімнің бәрі де шындық екен. Алайда келіп, өз көзіммен көргенге дейін сол сөздерге сенбеген едім. Расында оның тіпті жартысы туралы да естімеппін! Сіздің даналығыңыз бен дәулетіңіз менің естігенімнен де зор болып шықты! Мына адамдарыңыз қандай бақытты! Әрқашан қасыңызда жүріп, даналығыңызды тыңдай алатын нөкерлеріңіз қандай бақытты! Сізге риза болып, уәкілі ретінде Исраилдің патшалық тағына отырғызған Құдайыңыз Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқан Ие Исраилді шексіз сүйеді. Сол себепті сізді қара қылды қақ жарып, әділдік пен адалдықты ұстанатын патша етіп қойды». Сәба патшайымы осылай деп, Сүлеймен патшаға жүз жиырма ат басындай алтын, орасан зор мөлшерде хош иісті заттар мен асыл тастарды тарту етті. Осы Сәба патшайымының Сүлеймен патшаға сыйлағанындай мөлшердегі хош иісті заттар бұдан былай ешқашан елге әкелінген емес. Сүлейменнің зор даңқы туралы Сәба елінің патшайымы естіген еді. Содан ол Сүлейменге қиын сауалдар қойып, даналығын сынамақшы болды. Патшайым көп нөкерін ертіп сапарға шығып, ұлан-ғайыр байлықпен Иерусалимге келді. Түйелеріне хош иісті заттар, мол алтын мен асыл тастар артылған болатын. Сүлеймен қонақты қарсы алып, сарайына кіргізді. Патшайым ойындағы бар мәселелер жайлы онымен сөйлесті. Сүлеймен солардың бәріне жауап берді. Патша білмей, түсіндіре алмаған бірде-бір сауал болған жоқ. Сәбаның патшайымы Сүлейменнің асқан даналығын және салғызған (зәулім) сарайын көріп, қайран қалды. Ол патшаның дастарқанындағы тамақтарын, уәзірлерінің мәжілістерін, сәнді киінген нөкерлері мен шарапшыларының келісті қызметтерін әрі Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп барып, құрбандықтар шалғызып өртеткенін де бақылады. Патшайымның таңғалғаны сонша, демін ала алмай үнсіз қалды. Содан ол патшаға тіл қатып былай деді: «Сіздің іс-әрекеттеріңіз бен даналығыңыз туралы елімде жүріп естігендерімнің бәрі де шындық екен. Алайда келіп, өз көзіммен көргенге дейін сол сөздерге сенбеген едім. Енді даналығыңыздың одан да зор екенін көріп отырмын. Расында оның тіпті жартысы туралы да естімеппін! Мына адамдарыңыз қандай бақытты! Әрқашан қасыңызда жүріп, даналығыңызды тыңдай алатын нөкерлеріңіз қандай бақытты! Сізге риза болып, уәкілі ретінде Өзінің патшалық тағына отырғызған Құдайыңыз Жаратқан Ие мадақталсын! Құдайыңыз Исраилді қатты сүйіп, оны осы елде тұрақты орналастыруды көздейді. Сол себепті халыққа сізді қара қылды қақ жарып әділдік пен адалдықты ұстанатын патша етіп қойды». Сәба патшайымы осылай деп, патшаға жүз жиырма ат басындай алтын әрі орасан зор мөлшерде хош иісті заттар мен асыл тастарды тарту етті. Оның Сүлейменге сыйлағанындай жоғары сапалы хош иісті заттар бұрын болған емес. Сол сияқты, Хирам мен Сүлейменнің қызметкерлері Опыр жерінен алтынмен бірге қызыл сандал ағашының бөренелері мен асыл тастарды да алып келетін. Сүлеймен патша осы қызыл сандал ағашынан Жаратқан Иенің киелі үйі және өзінің сарайы үшін баспалдақтар және әнші-күйшілерге арнап жетіген мен шертер аспаптарын жасатты. Сапасы осындай жоғары бұйымдар Яһуда елінде бұрын ешқашан болмаған еді. Сүлеймен патша Сәба патшайымына әкелгендерінен әлдеқайда көп мөлшерде сый-тартулар беріп, оның үстіне оны сұрағандарының бәрімен де қанағаттандырды. Мұнан соң патшайым нөкерлерін ертіп өз еліне қайтып кетті. Сендерге айтамын: осы жерде ғибадатханадан да дәрежесі үлкен Біреу бар.
Выбор основного перевода