Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
біз бас көтеріп, Саған, Жаратқан Иеге, опасыздық жасадық, өз Құдайымыздан безіп кеттік. Зорлық-зомбылық пен бүлінушілікті жақтап келеміз. Іштей өтіріктер ойлап тауып, оларды сыртқа шығарамыз. Сол рәсімнен өту үшін көптеген парызшылдар мен саддукейлер де келді. Бірақ Жақия оларды көргенде, қатаң ескертіп былай деді:— Ей, улы жыланның тұқымдары! Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? Бірақ адамның аузынан шыққандары оның жүрегінен, яғни ішкі дүниесінен, шығады. Адамды арамдайтын, міне, осылар! Ей, жыландар, улы жыланның ұрпағы! Сендер сотталып, тозаққа түсуден қалай құтылмақсыңдар? Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, Көп халық шомылдыру рәсімінен өту үшін Жақияға келді. Бірақ ол соларға ескертіп былай деді:— Ей, улы жыланның тұқымдары! Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар. Менің айтып тұрғанымды неге түсінбейсіңдер? Себебі Менің сөзімді естіп тұра алмайсыңдар. Ишая пайғамбар тағы бір жерде көпшіліктің неліктен сене алмағандығы туралы мына тәрізді сөздер айтқан: Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да.
Выбор основного перевода