Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еробоғам патша Құдайдың пайғамбарының құрбандық үстеліне қарсы айтқан сөзін естігенде, қолын құрбандық үстелінің қасынан төмен созып, пайғамбарға шұқшита: «Ұстаңдар мынаны!» — деп айқайлап жіберді. Бірақ созған қолы лезде семіп, ол қолын қайта тартып ала алмай қалды. Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды. Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма? Сонда парызшылдардың кейбіреулері: «Бұл Кісі Құдайдан келген емес, себебі Ол соқырды емдеуімен демалыс күнінің тәртібін бұзды», — десе, басқалары: «Күнәкар кісі осындай кереметтерді қалай істей алады?» — деді. Осылайша олар екі жақ болып бөлініп кетті.
Выбор основного перевода