Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса сол жерден кетіп бара жатқанда, Оның соңынан екі соқыр кісі ілесіп:— Дәуіттің Ұрпағы, бізге рақым ете көріңіз! — деп айқайлап жалбарынды. Бұл өңірден шыққан бір қанахандық әйел Оған: «Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы, рақым етіңіз! Қызымды жын соғып, қатты қинап жатыр!» — деп айқайлады. Алды-артынан еріп жүрген қалың топтар қатты дауыспен былай деп айқай салды:«Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!»«Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!»«Заңғар аспанда Жаратқан Ие мадақталсын!» Киелі жазбаларда Мәсіх Дәуіт патшаның әулетінен, оның атамекені Бетлехемнен шығады делінген емес пе? — деп күмән келтірді.
Выбор основного перевода