Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жердегі парызшылдар мен саддукейлер Исаның қасына келді. Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір керемет көрсетуін сұрады. Сол жердегі парызшылдар Исаның қасына келіп, Онымен айтыспақшы болды. Оның билігін сынау үшін көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Иса рухында терең күрсініп, оларға:— Осы ұрпақ не үшін керемет көрсетуімді талап етеді? Сендерге шындығын айтайын: бұл ұрпаққа ешбір керемет көрсетілмейді! — деді. Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Ал яһуди басшылары Оған:— Осыны істеуге қақыңның барын қандай кереметпен дәлелдемексің? — деген сұрақ қойды. Олар:— Өзіңізді Құдай жібергеніне көзімізді жеткізіп, сенуіміз үшін қандай керемет көрсетесіз, не істейсіз? Яһудилер құдіретті кереметтер талап етсе, гректер уағызымыздан даналық іздейді.
Выбор основного перевода