Сонымен, Дәуіттің өзі Мәсіхті «Ием» деп атаған соң, қалайша Мәсіх Дәуіттің Ұрпағы ғана болады?Жиналған көпшілік Исаны сүйсіне тыңдады.
Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды.
Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.