Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді. Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде-ақ кенеттен бір нұрлы бұлт оларға көлеңкесін түсіріп, бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған ризамын. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты. Сонда бір бұлт пайда болып, оларға көлеңкесін түсірді. Бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті (рухани) Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. көгершін бейнесіндегі Киелі Рух Оның үстіне қонды. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толық ризамын!» — деген дауыс шықты. Сонда бұлт ішінен: «Бұл — Менің таңдап алған рухани Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. — Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері көкке көтеріліп кетіп әрі Құдай тағайындаған Билеуші — Маған түсіп келіп тұратын болады. Мені жіберген Әкемнің Өзі де Мен туралы куәлік етті. Бірақ сендер ешқашан Әкемнің даусын естіп, бейнесін көрген емессіңдер. Яһуда шығып кеткеннен кейін, Иса былай деді:— Енді көктен келген Мен ұлылыққа кенелемін, Өзім арқылы Құдайдың ұлылығы да көрінеді. Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім. Әке, әлем жаратылмай тұрып Өзіңмен бірге болғанымда ұлылыққа кенелген едім. Енді Мені өз қасыңда сол ұлылыққа қайтадан кенелте гөр.
Выбор основного перевода