Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Қалада тұратын бір күнәкар әйел Исаның парызшылдың үйінде дастарқан басында отырғанын естіп қалды. Сонда ол иісмайға толған мөлдір тас құтысын алып, әлгі үйге келді. Әйел Исаның аяқ жағында тұрып, жылай берді. Көз жасын Оның аяғына төгіп, шашымен сүрте бастады. Сосын аяқтарын сүйіп, үстіне иісмайын құйды. Исаны қонаққа шақырған парызшыл адам мұны көргенде іштей: «Егер Бұл нағыз пайғамбар болса, Өзіне қолын тигізгеннің кім екенін және қандай әйел екенін білер еді. Ол күнәға батқан ғой», — деді. Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын. Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды. Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды. Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Бүкіл елден көптеген кісілер мейрам алдындағы діни тазару салтын орындау үшін Иерусалимге өрлеп бара жатты.
Выбор основного перевода