Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом мен Ғомора халқының жазасы жеңілірек болады! Кім сендерді тыңдаса, соның Мені тыңдағаны. Кім сендерді қабылдамаса, оның Мені де қабылдамағаны. Ал кім Мені қабылдамаса, оның Мені Жібергенді де қабылдамағаны. Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды. Аттылының аузынан шығып тұрған, халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады. Жүзімді қысып таптағанда шырынының ағып шығатыны сияқты, Ол құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын Оған мойынсұнбағандардың үстеріне төккізеді.
Выбор основного перевода