Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,Патшалығыңа жүргізесің әділ билік, Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын,Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын,Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын,Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын! Әулетіңді әрқашан да нығайтамын,Ұрпақтан ұрпаққа тағыңды орнатамын». Әулеті жалғасады шексіз уақытқа,Оның патшалық тағы Менің көз алдымда,Күн іспетті ол әрдайым бар болады да, Жаратқан былай деп ант берген еді,Онысын ешқашан да өзгертпейді:«Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің,Мәңгі сондай болып қала да бересің!» Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады. Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды!
Выбор основного перевода