Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды:— Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!» Бұл халықтың жүректерін қасарысқан сезімсіз, құлақтарын керең, көздерін соқыр қыл! Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен ұғынып, теріс жолдарынан қайтып, рухани дертінен сауығар еді. Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Өйткені бұл халықтың жүректері қасарысқан сезімсіз, құлақтары керең, көздері жұмылған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдарынан қайтар еді. Сонда Мен оларды рухани дертінен сауықтырар едім! Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді.
Выбор основного перевода