Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
бәрібір Сен, о, Құдай, мені сасық шұңқырға итеріп жібересің. Сонда тіпті үстімдегі киімім де өзімнен жеркеніп шыға келеді. О дүниедегілер саған қадала қарап, сен жайлы былай деп ойлайтын болады: «Жерді сілкінтіп, патшалықтарды шайқалтқан адам осы ма? Бабыл бір төбе үйіндіге, шибөрілердің мекеніне айналады. Содан басқалар аңтарыла жандары түршігіп, оны ысқырып табаламақ. Онда ешкім тұрмайтын болады. Сондықтан да Мен сендерді бүкіл халыққа абыройсыз етіп, олардың көз алдында масқаралап, төмендеттім. Себебі сендер Менің тура жолыммен жүрмедіңдер. Таурат заңымды жүзеге асырғанда адамның бет-жүзіне қарадыңдар. Құдай біздерге, яғни елшілерге, өлімге кесілген тұтқындар іспетті «салтанатты жүрістің ең соңында» жүруді бұйырды деп ойлаймын. Себебі біз бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық.
Выбор основного перевода