Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жау олардың балаларын көз алдарында ұрып өлтіріп, үйлерін тонап, әйелдерінің абыройын төгіп масқаралайды. Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады. Тұр да айқайла, уа, Сион, түнгі күзет басталғанда,Тәңір алдында жүрегіңді ақтар әр көше басында!Аштан өлер халқың үшін қолыңды жай жалбарына!(Иерусалим:) Құдайына мойынсұнбай қарсы шыққандары үшін Самарияның халқы кінәларының кесірінен жазаланатын болады. Олар семсерден өледі. Жас балаларын жау жерге соғып өлтіріп, жүкті әйелдерінің іштерін жарады. халқымды да жеребе тастап бөлісіп алды: ұл балаларды жезөкшенің ақысына айырбастап, бойжеткендерді шарапқа сатып, ішіп қойып жүрді». Жау Исраил еліне басып кірген күні сен қарап тұра бердің. Жат жерліктер оның әскерін айдап әкетіп, шетелдіктер Иерусалимнің қақпаларына кіріп, жеребе тастап оның байлығын бөлісіп жатқанда, сен солардың бірі сияқты болып тұрдың.
Выбор основного перевода