Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,Ішіңдегі халқыңды жарылқаған, Сол кезде Мысыр елі Әлемнің Иесінің өздеріне қарсы созылған қолынан әйел заты іспетті қорқып дірілдейтін болады. «Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын». Семсер Бабыл әскерінің аттары мен соғыс күймелеріне және елдегі жат жұрттық жасақшыларға төнгенде олар әйел сияқты әлсізденеді. Семсер қазыналарына тигенде олар талан-таражға түседі. Бабылдың жасақшылары соғысуларын доғарып, қорғандарында отыр. Олар әлдері құрып, титықтаған, әйел іспетті күшсіз. Бабылдың үйлері өртеніп, қақпаларының ысырмалары сынып қалмақ. Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: Бабылдың қалың қабырғалары жермен-жексен етіліп, биік қақпалары өртеніп кетеді. Осылай көптеген ұлттардың ауыр еңбегі зая кетіп, шаршап-шалдығып істеген жұмыстарының нәтижесін өрт жалмайды.
Выбор основного перевода