Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жетпіс жыл өткеннен кейін, Жаратқан Ие Тирге назар салып, оған рақым етпек. Алайда қаланың халқы қайтадан жер бетіндегі барлық патшалықтарға қызмет көрсетіп, азғын әйелдей пайданың артынан қуатын болады. Бір күннің ішінде, табан астынан, екеуі де басыңа түсіп, тұрғындарыңнан айырылып, жесірдей жалғыз қаласың! Осы екі қасіретке де ұшырайсың! Сен сиқыршылыққа иланып, бақсылықпен де соншама көп айналысып келсең де, бәрібір сол пәледен амал тауып құтыла алмайсың. Сонымен (Құдайға бағынбаған сен, мейлі) жас кезіңнен айналысып келген әр түрлі бақсылық, сиқырлығыңмен бұдан былай да шұғылдана бер. Мүмкін, олардан саған пайда тиер, мүмкін, тіпті жауыңа үрей туғызар? Керісінше, Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты. Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, маған былай деді:— Жүр, мен саған көптеген сулардың үстінде отырған «аты шулы опасыз әйелдің» сотталып, жазалануын көрсетейін. Жер бетіндегі патшалар онымен азғындыққа түсті. Күнәкар дүниенің тұрғындары «опасыз әйелдің шарабынан» мас болып, оның азғындығына мүлдем берілді. Күллі ұлттар да оның жынды қылатын азғындығының «шарабынан» ішіп келді. Дүниенің патшалары онымен азғындыққа түсетін. Әлемнің саудагерлері оның сән-салтанат пен асқан молшылыққа деген құмарлығынан байыды».
Выбор основного перевода