Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
уәзірлерімен және қолбасшыларымен кеңесіп, қала сыртындағы су көздерін бітеп тастау туралы ақылдасты. Олар патшаны қолдады. Көптеген адамдар жиналып, Ассурдың патшалары өз әскерлеріне су таба алмай қиналсын деп, барлық бұлақ көздерін және сол жермен ағып жатқан жылғаны бітеп тастады. Езекия сендерді: «Сиынатын Құдайымыз Жаратқан Ие бізді Ассур патшасының қолынан құтқарады!» деп алдап, аштық пен шөлден қырғынға ұшыратпақ болып отыр емес пе? Алайда Дәуіттің шаһарының қамал қабырғасында қанша жарылған жердің бар екендігін көрдіңдер. Төменгі тоғанда су сақтап қойдыңдар. Иерусалимдегі үйлерді тексеріп шығып, солардың тастарымен қамалдың қабырғасын бекіту үшін кейбіреулерін құлаттыңдар. Көне тоғанның суын жинау үшін қаланың екі қабырғасының арасына тоған саласыңдар. Алайда сендер Құдайға көңіл бөлмедіңдер! Оның Өзі осының бәрін бұдан көп бұрын жоспарлап, оның осылай болуына себепші болды! Уа, Ниневи халқы, сені шашырататын басқыншы саған қарсы аттанып келе жатыр! Қамалыңды күзетіп, жолдарыңды қадағала! Беліңді бекем буып, бар күш-қайратыңды жинақта!
Выбор основного перевода