Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр! Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: — Қан төгуші бұл қала қасіретке қалады! Мен Өзім оның астына отынды көп қылып үйемін. Арыстан өзінің күшіктеріне жемтіктерін паршалап жеткілікті етіп әкеліп, ұрғашысын да қамтамасыз ететін. Ол апанын олжасы мен паршаланған жемтікке толтыратын. «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Мен сенің соғыс күймелеріңді өртеймін, семсер жас арыстандарыңды мерт қылады. Саған енді жер бетін олжалауға жол бермеймін. Сенің хабаршыларыңның паң дауыстары бұдан былай естілмейтін болады». Қан төгіп қала орнатқандар, қылмыспен қорған салғандар қасіретке қалады!
Выбор основного перевода