Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Сонымен қатар леуіліктерге тиесілі азық-түлік үлестерінің берілмегені, әрі сол себепті киелі үйде қызмет атқаратын леуіліктер мен әншілердің өз егістіктеріне тарап кетіп қалғандары туралы да біліп алдым. Сондықтан мен басшыларды: «Құдайдың киелі үйі неге қараусыз қалдырылды?» — деп сөктім. Содан леуіліктерді жинап алып, әрқайсысын қайтадан өз міндетін атқаруға қойдым. Осылай бүкіл Яһуда халқы тағы да астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірін Құдайдың киелі үйіндегі қоймаларға алып келетін болды.
Выбор основного перевода