Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Біз Оған қызмет ететіндей құдіреті шексіз Тәңір кім Өзі? Оған жалына сиынудан бізге не пайда?» Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап,Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?! «Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік, Сен неге байқамадың?»(Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар! Жалған тәңірлердің артынан жалаң аяқ жүгіріп, аяғыңды жарақаттап қанатпа! Шөлден тамағыңды кептірме! Алайда сен: «Мен үшін әуре болма! Бөтен тәңірлерге ғашықпын, солардың жолымен жүремін!» дейсің. Бірақ олар: «Біз үшін әуре болмай-ақ қой! Өз ниетімізді іске асыра береміз. Ешқайсымыз алған бетімізден қайтпай, ойға алған айлалы істерімізді жүзеге асырамыз!» дейтін болады. Сол кезде Мен Иерусалим қаласын шырақтармен шарлап, тінту жүргіземін. Сонда бейқам күнәкарларды жазалаймын. Олар іштей былай дейді: «Жаратқан Ие не жаман, не жақсы ештеңе де істемейді».
Выбор основного перевода