Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,Жаратқан Ие құтқарған аман-есенӨзіңдей басқа халық бар ма екен?Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,Семсердей саған үстемдік сыйлайды.Алдыңда құлдық ұрады жауларың,Биік жерлеріне аяғыңды басасың». Солардың ұрпақтары басқа халықтар арасында танымал және қадірлі болады. Мұны көргендердің бәрі бұлардың Жаратқан Ие жарылқаған ұрпақ екенін мойындайды. Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» деп те айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады. Болашақ кезде Мен саған қысым көрсеткендерді де қолға алып, барлығын жазалаймын. Ақсақ адамдарыңды құтқарып, шашырап кеткендеріңді жинап аламын. Масқара болған елдерінде енді оларға даңқ пен мадақ сыйлаймын.
Выбор основного перевода