Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді. Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар! Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің? Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме,Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме? Ұрық күйімде мені көзіңмен көрдің.Сен маған бұйырған күндердің біріӘлі де тумас бұрын, солардың бәріКітабыңда жазулы тұрған еді. Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі. Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.
Выбор основного перевода