Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Иә, Иерусалим, саған қарсы да қатаң шара қолданамын: зергердің күмісті балқытып, сілтімен тазартатынындай, Мен де сені былғайтын қоқыс атаулыңнан арылтып, тазартамын. Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады. Мен сені жазалаған күні батылдығың берік болып, қолдарыңда күш қала берер ме екен? Осыны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, оны орындаймын да. Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады? Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады. Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады! Мен сендерді теріс жолдан қайтқандарыңның белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр. Ол сендерді Киелі Рухына әрі отқа шомылдырады. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Ол бидайды желпушіге ұқсайды: күрегі қолында, қырманын тазартып, «бидайын» жинап, қамбасына құяды, бірақ «қауызын» тозақтың сөнбес отына жағады! Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығаратын күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылса да, жаны оттан өткендей әзер дегенде құтылады.
Выбор основного перевода