Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып», Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына:— Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған:— Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді. Садықтан тараған бас діни қызметкер Азариях былай деп жауап берді: «Халық Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тартуларын алып келе бастағалы біз жейтін тамақтан таршылық көрген жоқпыз, тіпті қор жинауға да жететін болды. Жаратқан Ие Өзінің халқын молынан жарылқағандықтан азық-түлік қоры ағыл-тегіл!» — деді. Бірақ та Ол бұлттарға бұйрық берді,«Аспанның қақпаларын» ашып берді, Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді, Адамдар «періштелер нанын» жеді,Қарындары тойғанша Құдай мол берді. Құдай аспанда шығыстан жел тұрғызды,Құдіретімен оңтүстіктен жел соқтырды, Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды Халық қоныстанған жердің ортасынаҚондырды, шатырларының маңайына. Осылайша халық тойына ет жеді,Құдай оларға аңсағандарын берді, Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен,Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен. Сонда астыққа кенелер қамбаларың,Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың. Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой. Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады. Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
Выбор основного перевода