Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Осылайша сол жігіттер Жаратқан Иеге арналған құрбандықтарды қорлағандықтан, Оның алдындағы күнәлары тым ауыр болатын. Бірақ өз халқым Мені елемей тастап кетті! Олар түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға арнап хош иісті заттар түтетіп табынады. Осы жалған тәңірлер халқымды сүріндіріп, ежелгі ізгі жолдарынан тайдырып, нашар сүрлеу жолдарға түсірді. Діни қызметкерлерің Менің бұйырған Таурат заңымды бұзып, Өзіме бағышталған қасиетті нәрселерімді арамдайды. Олар қасиетті мен жай нәрселердің арасын тіптен ажыратпай, адал мен арамның айырмашылығын да еш үйретпейді. Демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, соларға да немқұрайды қарайды. Осылайша олар Маған құрмет көрсетпей, Мені қорлайды. Сонау ата-бабаларыңның заманынан-ақ сендер Менің ережелерімнен жалтарып, оларды ұстанбай келесіңдер. Енді кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер. Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.Бірақ сендер: «Біз қалайша қайта аламыз?» деп сұрайсыңдар.
Выбор основного перевода