Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Леуі руын түгендеп санама, басқа исраилдіктерді санаған кезде оларды санаққа енгізбе! «Исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдарының орнына леуіліктерді, барлық малының орнына леуіліктердің малын ал. Леуіліктер Менікі болып Маған арнайы қызмет етуге тиіс; Мен Жаратқан Иемін. Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты». «Бұларды да есіңде сақтай гөр, уа, Құдайым! Өйткені сол адамдар діни қызметті әрі Өзіңнің діни қызметкерлермен және леуіліктермен жасаған Келісіміңді арамдады!»
Выбор основного перевода