Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Исраил халқына Менің, Жаратқан Иенің, Мұса арқылы тапсырған барлық ережелерімді үйретуің де қажет. Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын». Сол жердегі леуілік діни қызметкерлерге және сол кезде міндетін атқарып жатқан төрешіге барып жүгініңдер. Олар сол іс бойынша үкімдерін шығарып береді. Сол кездері кейбіреулер: «Еремияға қарсы қолданылатын шаралар ойластырып, оның аузын жабайық. Таурат заңын үйрететін діни қызметкерлер, ақыл-кеңес беретін данышпандар, Құдайдың хабарын жеткізетін пайғамбарлар өз арамыздан таусылмайды. Кәне, сол кісіге жала жауып, айтқан сөздеріне құлақ аспайық!» — деп сөз байласты. Діни қызметкерлер Менің халқыма киелі мен киелі емес жай нәрселерді бір-бірінен ажыратуды үйретіп, оларға арам мен адалды қалай айыруды көрсетсін. Мұнан кейін Жаратқан Иенің хабаршысы Хаққай халыққа Оның мына уәдесін жеткізді: «Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — дейді Жаратқан Ие». — Сондықтан бізге Мәсіхтің нөкерлері ретінде, әрі Құдай Өзінің ашып білдірген құпия хабарын басқаруды сеніп тапсырғандары ретінде қарау керек. Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз.
Выбор основного перевода