Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Леуі руына Мұса мынадай бата берді:«Кемелділік пен Нұр» атты жебелеріңӨзіңе адал бұл жандарда бола берсін!Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,Мерібада жартастан шыққан сулардыңҚасында олармен күрескен едің. Қорғау үшін сөздерің мен КелісіміңдіӘке-шешелерінің тілегін елемеді,Олар ағайындыларын да танымады,Тіпті өз балаларын да мойындамады. Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді. Олар шынымен Менің кеңесімде тұрған болса, онда халқыма Менің сөздерімді жеткізіп, оны теріс жолынан, істеп жатқан зұлым іс-әрекеттерінен қайтарған болар еді. Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады. Иерусалимді мекендейтін Жаратқан Ие әділ, Ол әділетсіз еш нәрсе істемейді. Таң атқан сайын Ол әділдікті жүзеге асырып, әрбір жаңа күн сайын сонысын тоқтатпайды. Бірақ әділетсіздер ұят дегенді білмейді. Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Выбор основного перевода