Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Ал егер асырайтын бала-шағасы бола қалса, Мен сендерді соларыңнан да айырамын, бірде-біреуін тірі қалдырмаймын. Мен Ефремнен түбегейлі бас тартқан кезімде халық нағыз қасіретке қалады! — Одан да сендердің біреуің ғибадатхананың қақпаларын бекітіп қойсаңдар игі болар еді! Сонда сендер құрбандық үстелінде бекерге от жақпас едіңдер! Мен сендерге риза емеспін, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Мен сендердің қолдарыңнан ешқандай сый-тартуды қабылдамаймын. Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие. Ал сен бұл халық үшін сиынушы болма! Олар үшін ешқандай мінажат етіп, өтініш те білдірме! Себебі бастарына пәле түсіп, Маған жалбарынғанда Мен оларды мүлдем тыңдамаймын. Сонда Маған арнап толығымен өртелетін құрбандық, астық және сұйық тартуларын ұсынсаңдар да, оларды қабылдамаймын! Бордақыланған малды ризашылық құрбандығына шалып ұсынсаңдар да, соларыңа да назар аудармаймын.
Выбор основного перевода