Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады. Неке адалдығын бұзба! Егер ер адам басқа біреудің әйелімен жақындасса, сол еркек те, әйел де өлтірілсін. Түп ата-аналарың Ыбырайым мен Сараны естеріңе түсіріңдерші. Мен Ыбырайымды балалы болмай тұрып-ақ тағайындап алдым. Оны жарылқап, кереметпен үрім-бұтақты еттім». «Пендем, Исраил елінде қалып, қираған қалаларды мекендегендер былай деп жүр: «Ыбырайым осында жалғыз өзі келген еді. Сонда да ол бүкіл елді иемденіп алды. Ал біз көппіз ғой! Сондықтан осы ел, әрине, біздің меншігімізге берілген!» Исаның жауабы мынау болды:— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?! Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады».
Выбор основного перевода