Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді». Сонда Мұса былай деп өтінді:— Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме. Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой. Құдайы — Жаратқанға сиынған ұлт бақытты,Ол меншігіне таңдаған халық жарылқаулы! Себебі Жаратқан Ие өз халқынан бас тартпайды,Таңдаған меншігін Ол жалғыз қалдырмайды.
Выбор основного перевода