Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Мынаны естелік үшін кітапқа жазып қой да, Ешуаның құлағына құя бер: Мен аспан астынан Амалектің атын біржола өшіріп тастаймын!» Сонда Мұса Жаратқан Иенің барлық сөздерін жазып қойды.Ертеңгісін ол ерте тұрып, таудың етегінде құрбандық орнын тұрғызып, Исраилдің он екі руының белгісі ретінде он екі тас бағананы орнатты. Бұған Жаратқан Ие былай деді:— Міне, Мен сендермен Келісім жасамақпын: халқыңның көз алдында бұған дейін жер бетінде ешбір ұлттың арасында болып көрмеген кереметтерді жүзеге асырмақпын. Өзің бірге тұрып жатқан бүкіл халқың Мен — Жаратқан Ие сендер үшін жасайтын, үрей туғызатын ғажап істерді көретін боласыңдар.
Выбор основного перевода