Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірілуге тиіс! Сондайларға қол ұшы да тигізілмей, оларды таспен немесе садақпен атқылап өлтіру керек. Олар не мал болсын, не адам болсын тірі қалдырылмасын». Ал кернейдің ұзақ үні естілгенде, халық таудың етегіне көтерілсін. Жаратқан Ие оған былай деп бұйырды:— Қайтадан төмен түс! Халық Жаратқан Иені көруге шекараны бұзып, көбі өлім құшпасын деп оларға қатты ескерт!
Выбор основного перевода