Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, ежелгі заманнан бері, Құдайдың адамды жер бетінде жаратқан кезінен бастап қазірге дейінгі тарихты зерттеп шығыңдар! Аспанның о шеті мен бұ шетінің аралығындағы халықтардан сұрастырып көріңдер: осы сияқты ұлы іс болып па еді? Яки біреу қашан болса да осындай оқиға туралы естіп пе екен?! Оттың ішінен сөйлеген Құдайдың даусын сендер сияқты естіп, тірі қалған өзге халық бар ма екен?! Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) Жаратқан Иенің шынымен Құдай екендігі, Одан басқа шынайы құдайдың жоқ екендігі өздеріңе анық болу үшін осы ұлы да үрейлі істер көрсетілді. Құдай Иеміз бізбен Хориб тауында Келісім жасаған еді. Өз көзіңмен көрген сол ұлы да үрейлі істердің бәрін істеген Ол — сендердің Құдайларың, Оны әрдайым мадақтаңдар! Сен кереметтер жасайтын Құдайсың,Халықтарға күш-қуатыңды таныттың, Жұрт айтады айбарлы құдіретіңді,Мен де паш етемін ұлылығыңды, Ежелде Сен халқымыз күтпеген қорқынышты істер істедің. Көктен зымырап түсіп келгеніңде алдыңда таулар шайқалды да!
Выбор основного перевода