Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,Ол сондай сенімді де қайырымды,Көтеріліс пен теріс қылықтардыТіпті кешіруге дайын тұрады!Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,Ол аталарының кінәлары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Олар мойынсұнудан бас тартып, Сенің өз араларында жасаған кереметтеріңді естерінен шығарды. Керісінше, олар қыңырланып, өздеріне басшы тағайындап алып, Мысырға құл болуға қайтып оралғылары келді. Ал Сен кешірімі мол, мейірімді де қайырымды Құдайсың, тез қаһарланбайсың әрі өте рақымдысың, сондықтан оларды тастап кеткен жоқсың. Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың. Жаратқан — мейірбанды да рақымды,Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды. Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын. Әлде сен Құдайдың мейірім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейірімділігін, сабырлылығын және шыдамдылығын менсінбейсің бе?
Выбор основного перевода