Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кездесу шатырындағы Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже. Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен бас киімнен дайындат. Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында.
Выбор основного перевода