Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін ағаң Һаронға арнайы киімдер тіккіз. Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер. Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім, сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын. Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл сол сияқты алтын талшықтармен әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын.
Выбор основного перевода