Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал құрбандықтың Жаратқан Иеге әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және жоғары көтеріп ұсынылған санын өздеріңе және ұл-қыздарыңа жеуге болады. Себебі сол бөліктер исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін құрбандықтарынан саған және ұлдарыңа берілген үлес. Осы етті тазару рәсімі жасалған бір жерде жеңдер. Исраилдіктер құрбандықтың өртелу арқылы ұсынылатын майлы бөліктерімен бірге жоғары көтерілетін санын және тербеп ұсынылатын төсін де әкелсін. Оларды Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынсын. Жаратқан Иенің бұйрығына сай құрбандықтың оң жақ саны мен төсі — сендердің өздеріңе және ұлдарыңа берілген тұрақты сыбаға. Діни қызметкердің отбасына жатпайтын кез келген адамға киелі тартулардан жеуге тыйым салынған. Ол діни қызметкердің не қонағы, не жалшысы болсын, бәрібір оның сол тартулардан жеуіне болмайды.
Выбор основного перевода