Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. Сол жерде Һаронның арнайы киімдерін шешіп, ұлы Елазарға кигіз. Ал Һаронның өзі сол жерде дүниеден өтіп ата-бабаларының қасына жөнеледі». Сонда Мұса Һаронның үстінен арнайы киімін шешіп алып, оның ұлы Елазарға кигізді. Һарон сол таудың басында қайтыс болды. Кейін Мұса Елазар екеуі таудан түсті.
Выбор основного перевода