Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. Мұнан кейін Мұса мен Һарон кездесу шатырына кірді. Сыртқа шыққанда олар халыққа бата берді. Сонда Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты бүкіл халыққа көрінді. Бірақ бүкіл қауым олардың екеуін таспен атқылап өлтіру туралы айта бастады. Сонда кездесу шатырынан Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты барлық исраилдіктерге көрінді. Осылайша Қорах өзінің барлық жақтастарын Жаратқан Иенің кездесу шатырының кіреберісінің алдына Мұса мен Һаронға қарсы жинады.Сонда бүкіл қауымға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. Алайда жамағат Мұса мен Һаронға қарсы жиналып, кездесу шатырына бет бұрған сәтте-ақ шатырды бұлт жауып, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. Осы сөздерді естігенде Мұса мен Һарон бас қосқан халықтан бөлініп шығып, кездесу шатырының кіреберісіне барып, сол жерде етпеттерінен жата кетті. Сонда оларға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: Діни қызметкерлер енді сол жерде тұрып, міндеттерін орындай алмады, себебі Құдайдың киелі үйі Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелген болатын. Сүлеймен Құдайға сиынуын аяқтай бергенде, аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйді толтырып жіберді. Киелі үйдің Жаратқан Иенің керемет салтанатына кенелгені сонша, діни қызметкерлер оған кіре алмай қалды. Бүкіл Исраил халқы аспаннан от түсіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының киелі үйдің үстінде тұрғанын көрді. Олар тас төселген аулада жерге етпеттей жата кетті, әрі ғибадат етіп былай деп шүкірлік айтты:«Жаратқан Ие сондай ізгі,Мәңгі ұласады Оның мейірімі!» Сонда Рух мені көтеріп алды да, ішкі аулаға апарды. Міне, киелі үй Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелді. Мен барлық халықтарды да шайқалтамын. Сонда халықтардың бәрі өздерінің ерекше бағалаған қазыналарын әкеліп, Мен бұл үйді салтанатты ұлылыққа кенелтемін, — деп уәде береді Әлемнің Иесі. — Бұл киелі үйдің болашақ салтанаты бұрынғы киелі үйдікінен де асып түседі, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Осы жерде Мен амандық пен тыныштық сыйлаймын!» — Әлемнің Иесінің Өзі осы уәдені береді.
Выбор основного перевода