Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил көшінің алдында жүріп келе жатқан Құдайдың періштесі сол сәтте олардың соңына барды. Бағана тәрізді бұлт та көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, Өмірің тал түскі күннің сәулесінен де жарық болады. Тіптен қараңғылық та таң шапағындай жарқырайды. Жайнатады әділдігіңді таңғы нұрдай,Ісіңнің ақтығын тал түскі күндей. Ай күндей нұрлы, ал күн әдеттегіден жеті есе артық сәуле шашып, жеті күнгі нұр бір күні жайнағандай болмақ. Жаратқан Ие өз халқының сынған сүйектерін таңып, Өзінің оларды жазалағанда жарақаттаған жерлерін сауықтыратын кезде осылай болады. Сендер жау елінен қашып жүгірмей, асықпай шығасыңдар. Себебі Жаратқан Ие алдарыңнан жүріп, сендерді жетелейді; Исраилдің сиынған Құдайы өздеріңді арттарыңнан да қорғап жүретін болады. Қарны аштарға шынайы жанашырлық танытыңдар, әрі зорлық-зомбылық көргендерді жұбатып, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Сонда айналаларыңдағы қара түнекте Менің нұрым сәулесін шашып, рухани қараңғылықтарың тал түстей жап-жарық болады. Мен Сионды сүйіп, Иерусалимнің құтқарылуын зарыға күткендіктен тынши алмаймын. Оның әділдігі таңғы шұғыладай жарқырап, құтқарылуы алаудай лаулап жанбайынша, Құдайға жалбарынудан бас тартпаймын! Сен «аластатылған, еш қамқоршысы жоқ Сион» деп аталғандықтан, Мен сені қайтадан сауықтырып, жарақаттарыңды жазамын.
Выбор основного перевода