Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Яһуди ақсақалдары Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия оларға жеткізген Құдайдың хабарларынан жігер алып, құрылысты жалғастырып, табысты болды. Осылай олар Исраилдің Құдайының еркімен және парсы патшалары Кир, Дарий, Артақсерікстің жарлықтары бойынша киелі үйді қайта салып бітірді. Осы әділетсіз іс-әрекеттеріңе бола сендердің бастарыңа зор қауіп төніп тұр! Ол шығыңқы жерлері мен жарықтары бар, құлауы әбден ықтимал биік қабырғаға ұқсайды. Сондай қабырға бір-ақ сәтте, күтпеген жерден құлап, қирайды да, Енді Кир туралы алдын ала былай деймін: Ол — Маған қызмет ететін бағушы, Менің еркімді түгелдей орындаушы. Кир «Иерусалим қайта салынсын!» деген жарлық шығарып, ғибадатхананың да негізін қайтадан салғызатын болады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Мен мейірім көрсететін кезімде саған жауап беремін, халқымды құтқаратын күнім келгенде сені қолдап-қорғап жүремін. Өзіңді халқым үшін Келісімімнің кепілі етіп белгілеймін. Осылай Мен мына уәдемді бекітемін: ойран болған Исраилдің жерін қалпына келтіріп, оны халқыма қайтадан үлестіріп беремін. Олар ежелгі заманда қиратылған мекенжайларды қайтадан салып, ежелгі ұрпақтардың талқандалып, қаңырап бос қалған қала-қыстақтарын жаңадан тұрғызып қалыпқа келтіреді. «Сол күні Мен Дәуіттің құлап қалған үйін қайтадан тұрғызамын; оның жарылған жерлерін жөндеп, қираған қабырғаларын қаластырып, оны бұрынғы замандағыдай қалпына келтіремін.
Выбор основного перевода