Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның шығарған жарлығы жеткен аймақтардың барлығындағы яһудилер де ораза ұстап, еңіреп жылаумен болды. Олардың көбі азалы киім киіп, күл үстінде отырды. Қатты қайғырып күл үйіндісінің үстінде отырған Әйүп қолына қыш құмыраның бір сынығын алып, сонымен терісін қасыды. — Елдің бүкіл халқы мен діни қызметкерлерден мынаны сұра: Соңғы жетпіс жыл бойы бесінші және жетінші айларда қайғырып ораза ұстағандарың шынымен Маған арналып па еді? Ораза ұстағанда екі жүзділердей беттеріңді тұнжыратып жүрмеңдер! Олар ораза тұтқандарын мұңайған түрлерімен жұртқа әдейі білдіреді. Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер ораза ұстағанда да бастарыңды жуып, шаштарыңды ретке келтіріңдер. Осылайша ораза ұстағандарыңды жұрт емес, көзге көрінбейтін Әкелерің ғана білетін болсын. Сонда құпия істердің бәрін де көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
Выбор основного перевода