Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол хаттарда ол былай деп бұйырды: «Ораза тұту күнін жариялап, жиналыңдар! Сонда Набутайды төрге отырғызыңдар! Олар ораза тұту күнін жариялап, Набутайды төрге отырғызды. Екі арсыз адам да келіп, оның қарсы алдына отырды. Сол екеуі халықтың алдында: «Набутай Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айтты!» — деп жалған куәлік келтіріп, кінә тақты. Содан халық Набутайды қаланың сыртына алып шығып, таспен атқылап өлтірді. Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды. Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді.
Выбор основного перевода